Шардара ауданында 6-10 қараша күндері жасөспірім қыздар жұдырықтасты. Облыстық бұрымдылар бәсекесіне 98 былғары қолғап шебері қатысты. Олар аймақтың 13 ауданынан келген. Өңірлік бәсекеде үздік атанғандар ай соңында Жезқазғанда өтетін ел чемпионатына қатысады. Жалпы, Түркістан облысының боксшы қыздары әлемдік додада ел намысын қорғап жүр. Мәселен, таяуда ғана Черногория елінде өткен әлем чемпионатында оңтүстіктің 3 аруы жүлдемен оралған еді.