Түркістан
EN

Жылқы ұрлағандар 12 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін

128
11.11.2024

50-ден астам жылқыны ұрлаған 4 барымташы ұсталды. Қылмыстық топты Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Олардың бірі тіпті шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, сойып отырған. Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына жөнелткен барымташылар қамауға алынды. Енді олардың қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.