Түркістан
EN

Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады

114
11.11.2024

«Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті» деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр. Бұл жөнінде Қылмыстық-атқару комитеті хабарлады. Жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылады. Естеріңізде болса, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын.