Түркістан облысына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Жұмыс сапарында министр Ордабасы, Арыс және Шардара аудандарына барып, шаруалармен кездесті. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды саладағы ірі жобалармен таныстырып, су үнемдеу технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беріліп жатқанын жеткізді. Айта кетсек, қазіргі таңда өңірде 50 мың гектарда су үнемдеу технологиялары қолданыста.