Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Қытайдың тәтті жүзімі трендке айналды. Қазір екінің бірі, көштен қалмайын деп, осы бір жемісті қытырлата жеп, желілерге жүктеуде. Осылайша, ішінде сүйегі жоқ, кәдуілгі жүзімнен ірі өнімге сұраныс күрт артыпты. Бағасы да ұшып тұр, бір шоғы 5 мың теңгеден басталады. Бірақ, соған сай пайдасы бар ма? Шұғыла Ғалиқызы зерттеп көрді.