Кезекті рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды. Ер азамат жүргізуші куәлігінен айырыла тұра темір тұлпар тізгіндеген. Полицейлер кешкі рейд кезінде «Некси» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Одан соң жүргізушіні медициналық сараптамадан өткізіпті. Оның нәтижесінде темір тұлпар иесінің арақ ішіп, көлік жүргізгені расталды. Еске салсақ, жыл басынан бері Түркістан облысында 954 азамат алкогольді ішімдік ішіп, автокөлік басқарған. Оның 664-і жүргізуші құқығынан айырылған.