Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектері азаяр емес. Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының 9 айды қорытындылау жиынында айтылды. Салаға жауаптылардың мәлімдеуінше 2022 жылы 3 медициналық ұйымда, ал өткен жылы 8 медициналық ұйымда кредиторлық қарыз тіркелген. Оны жабу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы бөлінбек.