Түркістан
EN

Балқашта су деңгейі көтеріліп келеді

177
08.11.2024

Балқаш көлінде су деңгейі артып келеді. Жыл басынан бері Қапшағай су қоймасынан Іле өзені арқылы көлге 13,5 миллиард текше метр су жіберілген. Осылайша көлдегі судың орташа деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,60 метрге жеткен. Балқаштағы судың 70 пайызға жуығы трансшекаралық Іле өзенінен келіп құяды. Биыл Қытаймен шекарадағы "Добын" өлшеу станциясында орташа су шығыны секундына 384 текше метрге жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Айта кетейік, Балқаш көлін оңтайлы деңгейде ұстап тұру үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді бөлу жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасы жасалуда.