Түркістан
EN

Саттар Ерубаевтың 110 жылдығына арналған іс-шара өтті

183
08.11.2024

Биыл дарынды жазушы, журналистика саласының майталманы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл. Мерейтойға орай, Отырар ауданында ұлы тұлғаның есімі ұлықталып, ауқымды  әдеби-танымдық іс-шара өтті. Жиынға келушілер алдымен ақынның  ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Одан соң Саттар Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте жыр мүшәйрасы мен ғылыми конференция өтті. Онда қаламгердің өмір баяны суреттеліп, артында қалдырған мұрасы дәріптелді. Жиын соңында сайыс жеңімпаздарына арнайы диплом мен электронды құралдар табыс етілді.