Түркістан
EN

Үкімет басшысы активтерді қайтару бойынша жиын өткізді

67
08.11.2024

Заңсыз иемденілген активтерден мемлекетке 525 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Енді бұл қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі жұмыс істейді. Мәселен, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы салынбақ. Ал  Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы ашылады. Айта кетсем, бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінген еді.