Ақтауда анасы мен баласын көлік қағып қаза болды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Тайота Ландкрузер тізгіндеген жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан адамдарды қағып кеткен. 29 жастағы әйел сол жерде көз жұмса, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілгенімен, ес жимастан қаза болыпты. Қазірде автокөлік иесі уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот медициналық сараптамасы тағайындалған. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 4-бабы көлік жүргізушінің жол ережесін бұзуы бойынша іс қозғалды.