Түркістан
EN

34 жолаушы құтқарылды

48
08.11.2024

Алматы-Екатеринбург тас жолында 34 жолаушы құтқарылды. Ауа-райының қолайсыздығынан автобус істен шығып, жолаушылар жолда қалған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында олар Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмады. Ал Қостанай облысының Рудный қаласында жылу магистралі жарылды. Оқыс оқиға түн ортасында болған. Салдарынан тұрғын үйлер жылусыз қалған. Айта кетсек, бұл жылу магистралінде жаңа құбырлар төселген болатын. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.