Түркістан
EN

Түркістанда жолдың жыры бітпей тұр

204
07.11.2024

Түркістан қаласының тұрғындары жол азабын әбден көрдік деп шағымданып отыр. Жұрт жергілікті билік біздің базынамызға құлақ аспайды деп өкпелі. Қазір Кесене мен Керуен сарай кешеніне тіп-тіке апаратын көшенің тоз-тозы шыққан. Тіпті шұңқырға адам тұрмақ, көліктің өзі түсіп кетіп жатыр екен. Айта кетейік біз бұған дейін де аталған мәселе туралы арнамыздан көрсеткен болатынбыз. Дегенмен одан нәтиже болмапты. Мән -жайды білуге арнайы барып келдім.