Түркістан
EN

Сарыағаш ауданында жүздеген мигрант соттың ғимаратын торуылдап жүр

162
07.11.2024

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жүздеген мигрант соттың ғимаратын торуылдап жүр. Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары көші-қон заңын бұзғаны үшін шекарадан өткізілмей қойған. Ал іс әкімшілік сотқа жіберілген. Екі қолға бір күрек іздеп келгендердің дені елде жүру тәртібін өрескел бұзған. Араларында тіпті жеті жылдан бері уақытша тіркеуге тұрмай жұмыс істеп жүре бергендері де бар. Енді олар елден аластатылмақ. Кейбіріне айыппұл салынады. Десе де мигранттардың дені заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын айтып отыр. Ал соттың үш судьясы ағылып жатқан шетелдіктердің ісін қарап үлгере алмай жатыр екен. Өткен жылы аталған сотта 15 мыңнан аса іс қаралса, биыл оның саны 18 мыңнан асып кеткен.