Келестегі елдің жағасын ұстатқан қанды оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Естеріңізге салсам, Амангелді ауылының 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қызды өз үйінде зорлап, анасымен бірге өлтіріп кеткен. Бұл қылмысты жасаған күдікті м мектепте практикант болып жұмыс істеген екен. 15 жастағы марқұмға көз салып, қырындаған көрінеді. Мұны білген анасы бірден мектеп директорына арызданған. Көп ұзамай күдікті білім ордасынан шеттетіліпті. Дегенмен ызаға булығып, кек алмақ болған ол жантүршігерлік қылмысты 10 айдан соң жасаған. Бүгін Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот залында алдын ала тыңдалым өтті. Жәбірленуші тарап күдіктіге ең қатал жаза түрін берілуін талап етіп отыр.