Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, көлік қозғалысы қиындады. Аймақта ауа райының күрт бұзылуына байланысты синоптиктер дабылды ескерту жариялады. Болжам бойынша қалада таңертеңнен бері түскен қардың биіктігі 15 сантиметрге дейін жеткен. Қазір қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен жол сақшылары жақын күндері алыс сапарға шықпау керектігін ескертеді. Себебі мұндай тұрақсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталмақ. Тіпті түнгі уақытта ауа температурасы кей жерде -12 градусқа дейін төмендеп, желдің екпіні секундына -30 метрге дейін жетеуі ықтимал. Арты көктайғаққа дейін ұласуы мүмкін.