Түркістан облысында туберкулезбен арушаңдық 32,2 пайызға төмендеген. Аталған дертпен күреске азаматтық қоғамды тартуды күшейту жөнінде өткен адвокациялық кеңесте айтылды. Жиынға жергілікті билік өкілдері мен елордадан келген арнайы меймандар қатысты. Шара аясында Түркістан облысында «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің өкілдігінің ашылуына арналған Декларацияға қол қойылды. Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде аймақтық серіктестік төрағасы да сайланды.