Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны қызу. Енді қаланы туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте айтылды. Жиында бас-аяғы 17 жоба қаралды. Онда аквапарк, ІТ парк, білім беру орталықтары және бірқатар туристік ғимараттарды салу туралы ұсыныстар талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды қаланы жоспарға сай дамытып, бірыңғай сәулет үлгісін қолдану керектігін жеткізді. Сондай-ақ көгалдандыру, жасыл желекті көбейту және бос жатқан жерді тиімді игеруді тапсырды.