Түркістан
EN

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

180
21.12.2021

Көлік салығына рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Бастамаға «Е-Салық Азамат» қосымшасы арқылы анықталған олқылықтар себеп болған. Аталған жоба 2020 жылы іске қосылғанда 10 мыңнан астам жүргізуші көлік салығын түзетуге өтінім берген. Олардың дені қате салық соммасына, көлігі жоқ адамға берешек ақша есептеуге шағымданған. Тиісінше қазір қаржы және ішкі істер министрлігі бірлесіп 1 миллионға жуық адамның дерегін өзгертіпті. «Бұл жұмыстар әлі де жалғаса береді» деді министр. Сонымен қатар бірқатар азаматтарға көлік салығына рақымшылық жасалуы мүмкін екенін де атап өтті.