Бір өзі — бір кітапхана. Сауран ауданының тұрғыны 1955 жылдан бері баспасөз басылымдарын сақтап келеді. Әзімхан Махамбетұлының гаражындағы ағаш сөрелерінде кітаптар мен журналдар да қыздың жиған жүгіндей қаттаулы тұр. Оның бұл дүниелерді жинауына не себеп болған? Әріптесім Жұлдыз Шалхарбек біліп келді.