Жасөспірімдеріміз патриот па?

42
06.11.2024 21:04

Әскердегі азаматтарымыздың өмірін қорғай алмай жатқанда, жастарға әскери  - патриоттық тәрбие беретін концерттер қызық емес. Оның үстіне бұл бағытта соңғы 5 жылда уәкілетті министрлік тарапынан тиісті қаржы бөлінбей келеді. Бұл мемлекеттік органдардың әскери-патриоттық тәрбиені қоғамға сіңіру үшін табанынан таусылып жүрген ұйымдармен тығыз жұмыс істемейтінінің дәлелі. Осы саладағы бірқатар проблеманы көтерген мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы тіпті, мектептерде әскери дайындық пәнінің сағаты қысқарып, сапасы төмендеп кеткенін айтады.