Депутат спорт командаларын жекешелендіруді ұсынды

42
06.11.2024 21:02

Футболды дамысын деп қанша қаржы бөлгенімізбен, соңы жемқорлыққа ұласып жатыр. Осылай деген Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Бас Прокурор мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасына сауал жолдады. Халық қалаулысы жауапты мамандар барлық спорт федерациялары мен кәсіби спорт клубтарына ревизия жүргізу керек деп есептейді. Әсіресе, футболдан ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовке миллиондаған жалақыны босқа төлеп отырмыз дейді. Сондай-ақ депутаттың айтуынша «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы 2018-2023 жылдары «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы мен «Астана» велоклубына 138 млрд теңге жұмсапты.