Павлодарда көрші өңірден келген жасөспірімдер есірткімен ұсталды. Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 17 жастағы тұрғындарын анықтады. Тексеру барысында олардың біреуінің үстінен ақ түсті ұнтақ салынған 20 полимерлі пакет тәркіленді. Жастардың уақытша тұрған мекен-жайын тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі мен оларды орауға арналған полимерлі пакеттер табылды. Анықталғандай, олар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптық заттарды жанасусыз тарату мақсатында пәтерді жалға алған.