Алмасбек Садырбай ұсталды

80
06.11.2024 13:25

"Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай ұсталды. Ол "аса ірі мөлшерде қаржы жымқырды", өзі басқаратын "Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды" деген күдікке ілінген. Дәлірек айтқанда, ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыратын субсидияларды заңсыз алған. Ол үшін ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Одан жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпеген. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат қолды болған. Агенттік мәліметінше, Алмас Садырбай ұсталып, оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауына алынған.