Түркістан
EN

“Жайлы мектеп“ ұстаздары біліктілігін арттырды

42
06.11.2024

Жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында Түркістандық 41 педагог арнайы курстан өтті. Мақсат – мектеп басшыларының білім беру мекемесін басқаруда, пән мұғалімдерінің метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруда теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру. Ұстаздар алғашқыда онлайн форматта біліктілігін арттырса,  екінші кезеңде кәсіби мамандармен кездесті. Онда «Білім берудегі революция: заманауи мектеп менеджментіне жаңа көзқарас" тақырыбы талқыға түсті. Сондай-ақ «Орта білім беру мазмұны: басымдықтары мен іске асыру тетіктері» жайында дәрістерге қатысты.