Түркістан
EN

«NGO ONLINE» мобильді қосымшасы іске қосылды

336
21.12.2021

Түркістан облысында қоғамдық ұйымдарға арналған «NGO ONLINE»  мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қоғамдық емес ұйым өкілдерін ақпараттық қолдауға арналған еліміздегі тұңғыш жоба. Қосымшаны қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ЖАЛЫН» қоғамдық бірлестігі әзірлеген. Ресми түрде таныстырған бірлестік төрағасы Құрмет Керімбеков арнайы қосымша үкіметтік емес ұйым жұмысын цифрландыруға, олардың мемлекеттік органдармен әріптестігін нығайтуға бағытталған дейді. Мобильді қосымша авторлары жоба жақсы нәтижелер көрсеткен жағдайда, оның қызметін Республикалық деңгейде таратуды көздеп отыр.