Түркістан қаласында 7 мыңнан аса жұмыс орнын ашатын 192 инвестициялық жоба жасақталған. Жобаның дені өңірдегі туризм әлеуетін арттыруға негізделеді. Оған себеп – қалада экономикалық және индустриалды аймақтардың болуы. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Өңір басшысы қала дамуына қажетті инфрақұрылымның төмендігін алға тартып, жан-жақты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.