Қазақстан құрамасы бірінші рет жастар арасындағы әлем чемпионатында командалық есепте бірінші орынға ие болды. Еліміздің атынан 25 боксшы барса, оның 17-сі жүлде алған. Олардың қатарында Түркістандық боксшы жастар да бар. Туған жерге табан тіреген спортшыларды әуежайдан туыстары, достары және БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен күтіп алды.