Түркістан
EN

Шанхайдағы көрмеде Қазақстан павильоны таныстырылды

62
05.11.2024

Шанхайда V Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесі басталды. 5 – 10 қараша аралығында өткізілетін көрмеге Қазақстаннан 50-ден астам компания қатысып жатыр. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тауарлары бар. Халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов және Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңсесі премьері Ли Цян қатысты.