Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде мың шақырымнан асатын жол жөндеуден өтсе, жыл соңында тағы 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жалпы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер жұмыстарына салғырт қарамауын тапсырды.