Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Енді оның міндетін Жандос Бүркітбаев атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақордада жарияланды. Цой өткен жылдың маусым айында Қазақстанда коронавирус эпидемиясы өршіп, өлім-жітім жағдайлары көбейген кезде басшылыққа келгені белгілі. Экс-министр Елжан Біртановті алмастырған ол жаңа қаулылар мен бұйықтар шығарды. Мәселен, өткен жылдың қарашасынан бастап елімізде жыныс ауыстыруға рұқсат берілді. Тіпті ота «тегін» жасалады деген ақпар да тарады. Бұдан өзге, бас дәрігер қандай оқиғалармен елдің есінде қалды?