Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынас жақсара түспек. Премьер-министр Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Оған металлургия, энергетика, машина жасау, фармацевтика және басқа да салалар бойынша Қытайдың көшбасшы компаниялары қатысты. Нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Олжас Бектенов Чжанцзян ғылыми қаласының «Роботтар алқабында» болып, қытайлық робототехника индустриясының соңғы жетістіктерімен танысты.