Кентау қаласында діни-экстремистік ұйым мүшелері ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Хизб-ут-Тахрир" ұйымына қатысы болуы мүмкін 10 күдіктіні құрықтады. Олардың басты мақсаты Қазақстанда зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізу болған. Ол үшін шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алып, таратқан. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған