Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасындағы облыстық байқау басталды. «Ауыл – мәденеиттің бастауы» деп аталатын сайыс 4-14 қараша аралығында өтеді. Байқау талаптарына сәйкес, қатысушылар жыл бойына атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасайды. Сондай ақ, өз өңірлеріндегі балалардың қатысуымен өткізілген үйірме концерттік бағдарламасының видео үзігін алып келуі керек. Әділқазылар өнерпаздардың өнерлеріне басымдық беріледі. Сахнаның безендірілуі де назардан тыс қалмайды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс жеңімпаздарына жүлделі орын мен қаржылай сый табыс етіледі.