Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвестициялық форумға келген қытайлық кәсіпкерлермен кездесті. Бұл инвесторлармен өңір басшысы бұдан бұрын шығыстағы көрші мемлекетке жасаған сапарында кездескен болатын. Басқосу барысында өңдеу өнеркәсібіне басымдық берілетіні айтылды. Құрылыс саласы, тыңайтқыш өндіру, күн сәулесінен қуат алу, химиялық өңдеу, газ қазандықтарын шығару секілді жобалар жан-жақты талқыланды. Оған қоса дрон өндірісі мен сауда орталықтарын ашып, демалыс аймақтарын көбейту секілді жобалар да бар. Аймақ басшысы бәсекеге қабілетті компания өкілдеріне мемлекеттен қолдау болатындығын да жеткізді.