Еліміздің бірқатар өңірінде ауа-райының күрт өзгеруінен әуе рейстері кешігіп жатыр. Атап айтар болсақ, Түркістанға 15,16,17 желтоқсан күндері қонуы тиіс Нұрсұлтан-Түркістан бағыттары бойынша ұшатын рейстер кешіккен. Сондай-ақ, 17 желтоқсан күні Нұрсұлтан – Шымкент бағыты бойынша да ұшқан ұшақ Шымкент әуежайына емес, Түркістанға қонуға мәжбүр болған. Оның себебін, мамандар қалың тұманнан дейді. Бүгінде жағдай тұрақты. Әуе рейстері кестеге сай сәйкестендірілген.