Қытайлық делегация өндірістік паркті аралады

115
01.11.2024 20:45

Қытайдан келген делегация Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты өндірістік парктің жұмысымен танысты. Бәрі де аспан асты елінің алпауыт компанияларының өкілі. Инвесторлар өңірден құрылыс, логистика, тұрмыстық заттар шығаратын зауыт пен ауылшаруашылығына септігін тигізетін кәсіпорын салуды көздеп отыр. Бұл облыстың дамуына мол ықпал етпек. Отандық өнім көлемін арттыра отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да сеп болады. Жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер қарастырылған.