Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Жүздесу барысында Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін аңғартты. Сондай-ақ халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті. Президент елшілерді қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, әр елдің мемлекет басшысына ізгі тілегін жолдады.