Премьер-министр инвесторлармен елімізде теміржол машиналарын жасауды талқылады

51
01.11.2024 13:25

 Қазақстанда электровоз құрастыратын зауыт салынбақ. Сондай-ақ пойыздарға «жасыл» технология да енгізіледі. Ол үшін Қазақстан америкалық және франциялық алпауыт компаниялармен келісімге уағдаласты. Компания өкілдерін  премьер-министр Олжас Бектенов қабылдады. Дөңгелек үстелде көтерілген мәселенің барлығы еліміздегі теміржол машинасын жасауды одан әрі локализациялау тақырыбында болды.