Арақ-шарапты заңсыз сататындар азаймай тұр. Соңғы 4 жылда қаржылық мониторинг агенттігі алкоголь өндіруге қатысты 282 қылмысты тіркепті. Жасырын жұмыс істейтін 123 цех анықталып, 720 мың литр спирт тәркіленген. Оған қоса 3 млннан аса бөтелке табылған. Дәл осы алкоголь өнімдерінің көлеңкелі жолмен айналымға енуіне қарсы қимыл мәселесі Астанадағы дөңгелек үстелде талқыланды. Мамандардың айтуынша, бұған қарсы жасалатын жалғыз амал – таңбалау мен қадағалауды жеделдету. Сондай-ақ бүкіл өндіріс процесін цифрландыру арқылы да көлеңкелі кәсіптің алдын алуға болады.