Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен В2В форматында келіссөздер жүргізді

35
01.11.2024 13:23

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік инвесторлармен В2В форматында кездесу өткізді.  «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өңір басшысы жиырмаға жуық инвестормен жүздесті. Қытайлық инвестор жеделсаты шығаратын зауыт ашу ұсынса, келесі инвестор аймақта кілем, перде және түсқағаз шығаратын өндіріс орнын ашуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта өңірде сиыр және тауық етін өндіріп, экспорттау, тауық жемін шығаратын цех ашу, электр қуатын өндіру, үлкен музыкалық субұрқақтар, жарық пен көлеңке шоулары, ғимараттарды сыртқы жарықтандыру жобалары жүзеге асуы мүмкін.