Түркістан
EN

Үкіметте елімізде медициналық жабдықтар өндірісі бойынша жоба қаралды

28
01.11.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов  General Electric HealthCare өңірлік президенті Костас Делигианниспен кездесу өткізді. Онда  медициналық жабдықтарының жаңа өндірісін ұйымдастыру туралы келісім қаралды. Қазір елдегі 3 мыңнан астам медициналық мекеме аталған компанияның жабдығын пайдаланады. Мемлекеттік онкологиялық бағдарлама аясында өңірлерде жүзден астам маммографтар құрылды. Сондай-ақ, кәсіпорын алаңдарында 6 мың қазақстандық маман білім алған. Кездесу соңында қос тарап  еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру аясында тығыз ынтымақтастыққа ниетті екенін растады.