Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады. Дәл осы аймаққа қарасты Саран қаласындағы қазандықтан ақау шығып, қараша халық 3 аптадай жылусыз отырған еді. Ал, жаңа қазандықты жөндеуге қазынадан 9 млрд теңге бөлінген болатын. Шаһардағы жағдайды бақылауға алу үшін энергетика министрінің өзі арнайы барды. Тек осыдан соң ғана халыққа жылу берілді. Артынша жылуға жауаптылар жаппай жазаланды. Айта кетейік, Саран қаласында жылу беру маусымы 1 қазанда басталған.