Түркістан
EN

Ақтауда тұрғын үй отқа оранды

176
21.12.2021

Көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 100 адам эвакуацияланды. Оның 20-сы - бала. Оқыс оқиға Ақтауда болды. 17-шағын ауданда орналасқан  «Флоренция» тұрғын үй кешенінің 17-қабаты өртеніп, 2 жарым сағатта әрең өшірілді. 100-ге жуық өрт сөндіруші мен 22 арнайы техника жұмылдырылды. Тұрғын үй кешенінде өрт кезінде сумен қамту жүйесі талапқа сай болмаған. Салдарынан мамандарға қызыл жалынды өшіру қиынға соғыпты. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, өрттің шығу себебі анықталуда.