Түркістанда халықаралық инвестициялық және туризм форумы басталды. Ауқымды шараға отандық және шетелдік инвесторлар қатысып жатыр. Форум аясында бизнес пен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Онда Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, өңір туризмінің болашағы сөз болды.