Түркістан
EN

Төлебидің туристік әлеуетін көтеру қажет

87
31.10.2024

 Төлебидің табиғатын дәріптеу қажет. Түркістан облысының таулы аймақтарының бірі - Төлеби ауданы. Дегенмен өңірдің туристік әлеуеті бола тұра, дұрыс жағдай жасалмай отыр. Мұны Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауданның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту кезінде айтты. Аудан әкімінің жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін өнеркәсіп 2,3 есеге, ауыл шаруашылығы 2,5 есеге, құрылыс 1,5 есеге, сауда 2,9 есеге, туризм саласындағы көрсеткіштер 3,7 есеге артпақ. Сонымен қатар Жаңа туристік және демалыс орындары ашылады. Жобалар іске асқан жағдайда туристік аймақтың әлеуеті артып, туристер саны 3,7 есеге артады деп болжануда.Ал облыс әкімі Төлеби ауданы мегаполиске жақын орналасқандықтан бірінші кезекте туризмді дамытуға нақты тапсырма берді.