Түркістан
EN

98 млн бюджет қаржысы үнемделді

36
31.10.2024

Шардара орталық аудандық ауруханасы 2 600 теңге тұратын глютенсіз спагетти макарон өнімдерінің 1 келісін 4 800 теңгеден алуды жоспарлаған. Ал Түлкібас аудандық орталық ауруханасы нарықтағы бағасы 439 900 теңге тұратын көшіру аппаратын 9,4 млн теңгеге сатып алуды көздеген. Мұны облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтапты. Құзырлы орган мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіп, мекемелерге бағаны қайта қарау туралы ұсыныстар жолдады. Нәтижесінде 9 ай ішінде 3,2 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделген.