Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир өтіп жатыр. Спорттық сайысқа еліміздің өңірлері мен көршілес Өзбекстаннан 9 команда келген. 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер қаладағы «Мұз сарайында» бақ сынасуда. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға хоккей федерациясының атынан сый-сияпат табысталады. Айта кетейік, «Мұз сарайы» спорт кешенінде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей секілді қысқы спорт түрлерін дамыту көзделген. Қазіргі таңда басқа өңірлерден тәжірибиелі жаттықтырушылар шақыртылып, 400-ге жуық жас спортшы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жүр.