Ұлытауда үйлердің су астында қалуына себепші болған шенеуніктерге қатысты тергеу аяқталды. Анықталғандай, облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Техникалық және авторлық қадағалаушылар да құрылыс объектісіне бармастан орындалған жұмыстарды қабылдаған. Нәтижесінде биылғы көктемде су тасқыны кезінде 10 жеке үй қызыл судың астында қалды.