Түркістан
EN

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

44
30.10.2024

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы ұлттық жоба аясында 2029-2030 жылдары 10 трлн теңгедей инвестиция тартылмақ. Мұны Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.  Бұл қаражатқа тұрғын үйлердің инженерлік инфроқұрылымдары жаңартылады. Премьер-министрдің айтуынша қажетті жабдықтар отандық кәсіпкерлерден сатып алынады. Айта кетсек, биыл қыркүйекте ұлттық жобаны қаржыландырудың бағдарламасы әзірленген болатын.